Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану - математика бірлестігінің онкүндігі
16
қараша
2022

Жаратылыстану - математика бірлестігінің онкүндігі

205 жалпы білім беретін мектепте бүгін «Қазақстан болашағы-білімді ұрпақ, заманауи ұстаз, зияткерлік білім»  атты «Жаратылыстану-математика» пәндер бірлестігінің онкүндігі жоспар бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда. 16.11.2022 күні 7"Б" сыныбымен Толегенова Айдана "Практикум. Мәтіндік процессордағы кесте" тақырыбындағы ашық сабағын өтті. Сабағына мұғалім заманауи технологияларды пайдалана білді. Әсіресе бағалау үшін "Ашық журнал" пайдаланғаны өте тиімді әдіс болды. Биология пәні бойынша 8 "Б" сыныбымен Сейлова Акерке "Иммунитет.Гуморальдық және жасушалық иммунитет" тақырыбында ашық сабағын жоғары дәрежеде өтсе, "Электронды кестеде мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану" тақырыбында информатика пәні бойынша Курманбаева Улбосын 8 "Ә" сыныбымен ашық сабағын өтті. Екінші ауысымда педагог зерттеуші, математика, физика пән мұғалімі Бикенов Шыңғыс  "Развития предметных компетенций учителей математики в обучении сложным темам курса математики 10-11 класса" атты курсқа қатысқан тәжірибесімен бөлісу үшін "Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте мұғалімдер бірнеше әдіс-тәсілдерді қоржындарына жинақтады.Бүгін 18.11.2022 күні ашық сабақтар география пән мұғалімі Аманкельдиева Тоғжан "Ауа райы және метеорогиялық элементтер" тақырыбында 7 "А" сыныбымен өтсе, физика пән мұғалімі Жауынкулова Динара  "Тығыздық және оның өлшем бірлігі" тақырыбында 7 "Ә" сыныбымен жоғары деңгейдегі ашық сабақтарын өтті. Бірлестік мүшелері мен, пән мұғалімдері, әкімшілік мүшелері қатысып, ұсыныстарын айтты.