«ҚМЖ-ға SMART мақсат қою» атты жас мамандармен өткізілген коучинг
Мектептің жылдық жоспарына сәйкес, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету іс-шара жоспары құрылып, жас мамандарға тәлімгерлер ұсынылған. Жоспар бойынша жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында педагог-зерттеушілер: тарих пәні мұғалімі Жабаева Майгүл Турсыналиевна, математика пәні мұғалімі Карагулова Гаухар Курманжановна, көркем еңбек пәні мұғалімі Тауманова Гульжансара Куанбаевна "ҚМЖ~ға SMART мақсат қою" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке мектебіміздің отыздан аса жас мамандары қатысты. Коучинг ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Көптің жүзін білгенше, бірдің атын біл» тренингтен басталып, "Білім","Бірлік","Достық" Смарт" атауымен топқа бөлініп, топтық жұмыс жасалды. Топтық жұмыста мақсатқа негізделген тақырыптарға әр топ постер жасап, ойларын жоғары деңгейде жеткізе білді. Мектеп психологы Аукенова Айым Есенгазыевна "сергіту сәтін" ұйымдастырды. Жас мамандар ҚМЖ-ны қалай жазып, мақсатты қалай қою керектігінен толықтай мәлімет алғандығын, кері байланыстан көрсете білді. Коучингте критериалды бағалау бойынша ең көп балл жинаған топ "Білім" тобы болды. Жас мамандардан "Білім"тобынан Баянова Фариза, Исламбекова Ақтоты, " Бірлік" тобынан Кененова Асель мен Қасен Медина, "Смарт" тобынан Эсентуруулы Эламан мен Жұмахан Қасиет "Достық" тобынан Өскенбаева Меруерт пен Сембек Райымбек өте жақсы өз ойларын жеткізе білді. Жас мамандар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Жұбанова Нұргүл Жолдыбаевна мен Абдрахпанова Алуа Бекбосыновнаға, екі аптада, кем дегенде айына бір рет коучингтер өздерінің талаптарына сәйкес ұйымдастырылып тұрса, және жас мамандар клубы жандандырылса деген ұсыныстарын айтты. Коучинг өте қызықты өтілді.






