«Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» 1 сыныптар үшін тәрбиелік іс -шара
№ 205 ЖББ мектебінде жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында 2022-2023 оқу жылының «Жолда жүру ережесіне» байланысты жылдық жоспарына сәйкес 23.12.22 күні Жолда жүру ережесіне арналған 4 "А" сыныбының жас инспекторлары 1- сыныптардың жолда жүру қауіпсіздігіне арнап, «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты тәрбиеләк іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Мектебіміздің 4 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А. Санақбек және 7 сынып жетекшілері ұйымдастыруымен қойылым көрсетіліп, өздерінің жол белгілері мен жол ережелері туралы білетіндіктерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, Жол сақшылары тобы «Жол тәртібін білейік»әнін бірлесе орындады. 1 сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы бейне роликтер көрсетіліп, жұмбақ ойын әдісі арқылы кері байланыс орнатылды. Әр оқушыларға сертификат берілді. Бастауыш сынып жетекшілері сынып сағаттарында «Жол белгілерінің міндеттері», «Жолда жүруді реттеу», «Айналайын, абай бол», «Страна дорожной азбуки, «Знайте правила дорожного движения, как таблицу умножения», «Правила дорожного движения» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді. 3-8 сыныптар аралығында қабырға газеттері шығарылды. Жоспарға сай мектептегі сынып жетекшілері жолда жүру ережелері бойынша ашық сабақтар, сауалнамалар алынып отырады. Қыркүйек айында «Қауіпсіз мектеп», «Абайлаңдар балалар» атты тақырыпта жолда жүру ережесі бойынша мектеп фойесінде «Жол белгілерін білесің бе?» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар білуі тиіс жол белгілері ілініп, таныстырылды. 1-4 сыныптар аралығында «Мектептен үйге» қауіпсіздік схемасы құрылып, әр оқушының күнделігіне ілінді. Оқушылар өздерінің мектептен үйге дейінгі жолдағы кездесетін жаяу жүргіншілердің өтпесін, жол белгілерін, қандай ғимараттар бар екенін толық меңгерту үшін сынып жетекшілер түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жол ережесіне байланысты сынып сағаттарында оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді бейне-сюжет арқылы, ойындар ойнатып, жұмбақ шешу арқылы түсіне білді. «Жолда жүру ережелері» іс-шарасы өз деңгейінде өтті. <iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3Dpfbid0NgXHV3AvNmfzLwYKdij9tgh3tX5qCGEZx75ixtk6ieoaQSFowZFssFvY7jVVwFg5l%26id%3D100084260133203&show_text=true&width=500" width="500" height="800" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>
Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова








