06
ақпан
2023
Хабарландыру!!! Объявление !!!
Хабарландыру!!!
Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау ауданы Білім бөлімінің «№205 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі келесі лауазымдар бойынша бос орындарға конкурс жариялайды:
1.география (орыс бөлімі) – тұрақты
2.тарих(орыс бөлімі) – тұрақты
3.бастауыш сынып (орыс бөлімі) – тұрақты
Конкурс өткізілетін орын:Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау ауданы Білім бөлімінің «№205 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы,
Томирис ықшам ауданы, Центральная көшесі 120
8702-516-22-88
Біліктілік талаптары:
Арнаулы-орта білім (педагогикалық) және жоғары білімі
(педагогикалық)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог – модератордың, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
- Тұрақты лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.