«Мектептік тамақтандырудың сапасы мониторинг жүргізу» комиссияның асхананы тексеру қорытындысы жөнінде АНЫҚТАМА
2022-2023 оқу жылының №205 ЖББ мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына желтоқсан айында жүргізген мониторинг қорытындысы
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:
- Адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
ü Осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
- Адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.
Мектепте тұрақты түрде білім алушыларды тамақтандыру барысында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.
Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.
Мектепке білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Мектеп әкімшілігі мен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары және тұл жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тамақтандырылады. Бастауыш сыныптарда тегін тамақтандырумен қамту 100 %, ал орта буын және жоғары сыныптарда 70 % құрайды. Бір реттік ыстық тамақтың құны 2022 оқу жылында бір реттік тамақтың құны 550 теңгені құрап отыр. Мектеп асханасында 5-күндік болжам меню бар, ас мәзірінің кестесі мектеп басшысымен бекітілген, кестеде тамақ салмағы көрсетілген, ас мәзірінің кестесі: ет, сүт тағамдары, балық, ірімшік, шырын, көкқністерден жасалған салаттар, жеміс-жидектер және түрлі тәтті тағамдар, нан тағамдары. Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушылармен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары,сыныптан тыс шаралар өткізіледі.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медициналық қызметкерлері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.
- Оқушылар мен ата-аналар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
- Оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- Комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.
№205 жалпы білім беретін мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы өндірістік қадағалауды ұйымдастырады.
Өндірістік бақылау міндеттері:
- Қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;
- Өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;
- Асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуі;
- Шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;
- Ыдыстарды жуу сапасы;
- Тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;
- Тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі;
- Жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;
- Залалсыздандыру шаралары және т.б.
Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.
Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы ретінде болады. Бракераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бракераж комиссиясы мектеп әкімшілігі мен мектептік –базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отырады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.
Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Тамақтану блогы түрі-асхана. Отыратын орындар саны 260 орындық. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелерді сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі.
Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.
Тамақтану блогындағы жұмыскерлердін арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл кажетті санитарлык-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісіріген тағамдар мен жеміс шырындары сатылады. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай кажетті ыдыс-аякпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар ауларылады. Жуу мен залалсыздандыру барлык санитарлык-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уакыт ішінде асхана тарапынан асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы
орындар бар.
Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті
асхананың аспазашылары оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды толық ыстық тамақпен камтамасыз ету,
- тағамнын нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- окушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету,
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті
қалыптастыру
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын калыптастыру.
Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең
алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады,
Мектеп асханасын жалға алушы TOO Sun Open Inc (бас аспазшы),
Ш. Жаркинбаева бірлесе әр айдың соңғы күнінде мектеп оқушыларының тамақтануы бойынша табель жасалып, мектеп бухгалтериясына әлеуметтік педагог
Н.Жанат жаупкершілігімен тапсырылады.
Мектептің асханасында 1-і сыныптардағы білім алушылар бойынша 650 бала тегін ыстық тамақпен жыл бойы қамтамасыз етіледі.
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен дұрыс және уақытылы тамақтануы үнемі әлеуметтік педагог С. Ахметова қадағаласын.
2. Мектеп окушыларының бір мезгіл тегін ыстық тамақпен камтылуы сынып жетекшілердін басты назарында болсын.
3. Мектеп асханасында берілетін тегін ыстық тамақпен қамтылган білім алушылардың асханаға келмеуіне байланысты орнына баска білім алушының тамақтануына қатаң тыйым салынсын.
Анықтаманы данындаған: ДТІЖО Ж.Жетенова