15
мамыр
2023
"Эстетика және дене шынықтыру" бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Мектебімізде "Эстетика және дене шынықтыру" бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндіктің басты мақсаты өскелең ұрпақты үйлесімді дамытып, балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануын, бос уақытында шығармашылықпен айналысуын - адамгершілік пен рухани тәрбие құралы ретінде насихаттау. Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндік аясында атқарылатын жұмыстарының негізгі міндеттері, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ, әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, көркем эстетикалық талғамды қалыптастыру, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Осы орайда, "Сиқырлы бояу" үйірмесінің жетекшісі Тауманова Г.К. "Эбру" техникасында суда сурет салу шебер-сыныбын өткізді. Шебер-сыныпқа мектептің ұстаздары мен оқушылары белсене қатысып, оң әсерін алды.
Алдағы аптада түрлі спорттық ойындардан сайыстар, музыка және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен байқаулар және бірлестіктің ашық сабақтары жоспарланып отыр.