Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туылғанына 930 жыл
21
қыркүйек
2023

Ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туылғанына 930 жыл

2023 жылдың 20-21 қыркүйек күндері  №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   «Ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туылғанына  930 жыл» толуына орай  оқушыларға   LED экраннан бейнероликтер, әдеби шолулар және танымдық сабақтар көрсетілді. Ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің өмірбаянымен таныстырылды.
Мақсаты: Оқырмандарға Қожа Ахмет Яссауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру. Сонымен қатар, Яссауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру. Ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Қожа Ахмет Яссауи – суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі. Ақын, ойшыл, ғұлама 1093 жылы Ясы қаласында дүниеге келген. Ұстазы – Арыстан баб. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет».
Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. 
Ахмет Йассауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де, өзінің мән- мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір- қасиеті арта түскен бұл ғажайып хикмет- жырлар ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүре беретіні даусыз.