Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл
19
қыркүйек
2023

Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл


Бүгін №205 жалпы білім беретін мектепте кестеге сәйкес сынып сағаттары өтілді. 1-4 сыныптарына "Ұлттық мұра қазақ тілін ұлықтау", 5-6 сыныптарына "Еңбекқорлық және оның табысқа әсері", 7-11 сыныптарына "Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Балалар Түркістандық ғұлама, сопы, әулие туралы өмірі мен шығармашылығымен қызыға танысты. 
"Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі" атты тарихи сағатын оқушылар өздері ақпарат тауып,еңбегі, ақындығы жайлы постер жасап қорғады.  Сынып жетекшілер тамырын тереңге жайған тарихи тұлға, рухани өркениетінің баға жетпес таңғажайып шежіресі, Қожа Ахмет Яссауидың өмір жолын өскелең ұрпаққа таныта отырып оқушылардың білімдерін және қызығушылықтарын арттырды.
 Ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туғанына 930 жыл толуына орай әдеби шолу  мекте кітапханасында 8-9 сыныптар үшін бейне ролик көрсетіп,кітаптарын таныстырып кітапханашы Ж.Ысқақова танымдық сабақ өткізді. Оқушылар Қожа Ахмет Йассауи- сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшhүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын екенін білді. Оқушыларға Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырды. Біріншісі- моральдық- этикалық( парасаттылық) ал екіншісі- сопылық хикметтер беп атауға болар еді. Ахмет Йассауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де, өзінің мән- мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір- қасиеті арта түскен бұл ғажайып хикмет- жырлар ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүре беретіні даусыз.