04
қазан
2022
Қарттар күніне орай "Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбында іс- шара
04.10.2022 ж. № 205 ЖББ мектепте 1-қазан Қарттар күніне орай 1-10 сыныптар аралығында сынып сағаттары, спорттық шаралар өткізілді.Мақсаты:Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу Сынып сағатында оқушылар қарттар күнінің 30-қыркүйек 1990 жылы БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қазанның 1-ін Халықаралық қарттар күні деп бекітілгені туралы мәлімет алды. Оқушыларға қарттар туралы бейне-роликтер көрсетіліп, қарттар туралы қанатты сөздер айтылды. Балалар өздерінің ата-әжелері жайлы естеліктер айтып, бейне-роликтер жасады, ойтолғау жазып, суреттер салды. Сонымен қатар мектеп кітапханасында кітапханашы С.Сергали кітап көрмесін ұйымдастырды. 

04.10.2022ж мектептің 9 және 10 сынып оқушыларымен бірге, 1 қазан – қарттар күніне орай “Қариялар асыл қазынам” атты акциясын ұйымдастырдық. Акция барысында қарттарға көмек көрсету мен құттықтау мақсатында, Микрорайон Дархан, Ул. Ташенова 54 -те орналасақан, "Золотые годы" пансионатына бардық. 9 А және Ә сыныптары сол қарттарға деп, үйлеріндегі бар тәттілер мен жеміс жидектерді жинады, және оларды сол мекеменің қызметкерлеріне табыстап берді. Оқушылар қарттарға арнап өлең шумақтары мен тақпақтарын арнады, тағы домбырамен әсем күйлерін шертті.
Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Осының бәрін біздің мектептің оқушылары ұғынғанын, ол үйден шыққан кейінгі бөліскен әсерлерінен білуге болады. Олардың қалауы алдағы уақытта тағыда қарттар немесе балалар үйлеріне бару. Міне біздің мақсатымыз бен міндетімізде осы емес пе?! Оқушыларға жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, тәрбие мен қатар білімді бере білу әр ұстаздың мақсаты.

