11
қазан
2022
Шәкірттеріміздің жетістіктері
№ 205 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қазан айының басында ұйымдастырылған «AQBOTA STARS - 2022» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер сайысына оқушыларымыз вокал, аспапта ойнау номинациялары және де хореография, сурет салу және қолөнер номинациялары бойынша белсене қатысып мектебіміздің жүлде қорын тағы да молайтты. Халықаралық "AQBOTA STARS"- 2022» өнер байқауында шәкірттерін шабыттандырып ат салысқан ұстаз, жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Аз уақыт ішінде біздің мектептің оқушылары өткізіліп жатқан байқаулар мен олимпиадаларға қатысып жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері атанып, ұстаздарының үмітін ақтап, марапатталды. Ұстаз бен шәкірттеріміздің жемісті күндері көп болсын!

















