Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дженга кітабын қалай жасауға болады
27
қазан
2023

Дженга кітабын қалай жасауға болады

      2023 жылдың 27 қазан күні  №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Дженга кітабы» үстел үстіндегі ойын 7«А», 7«Ә» сынып оқушылар арасында сайыс болып өтті. Сонымен қатар  LED экраннан бейнероликтер, танымдық сабақтар көрсетілді.
Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Jenga Book - оқушыларды поэзия мен көркем әдебиетті оқуға ынталандырудың тамаша және қызықты тәсіл.
    Ойынның құрамдас бөліктері тікбұрышты, тегіс және жеңіл, табиғи ағаштан жасалынады. Дженга кітабын жасау үшін сізге тек Дженга блоктары, қалам және таңдаған сұрақтарыңыз қажет.    
    Jenga ойын жиынтықтарына сабақтың мақсатына қарай поэтикалық немесе прозалық шығармалардан алынған жолдары, «100 кітап…» жобасына кіретін кітап атаулары, авторлар, жаңа кітаптар атаулары  жабыстырылады.
    Оқушыларды топтарға бөліп, қатысушыларға Jegо немесе Jenga жиынтығын жинау арқылы ойын ойнауға шақырылады., сонымен қатар қатысушылар Jegо және Jenga жиынтықтарында бейнеленген кітаптар туралы ақпаратты еріксіз зертейді.
Сіз Jenga Book мұнараңызды тұрғызып, блокты кезекпен тартып, сұраққа жауап беру арқылы ойнайсыз. Содан кейін пайдаланылған блок мұнара салынып, тұрақтылығы төмендейді. Ойын мұнара құлаған кезде аяқталады.