Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы Бала FEST» фестивалі аясында "Кітап - білім бұлағы" балалар фестивалінің аудандық байқауы Алматы қаласы Алатау ауданы № 205 жалпы білім беретін мектепте өтті.
25
сәуір
2023

«Алматы Бала FEST» фестивалі аясында "Кітап - білім бұлағы" балалар фестивалінің аудандық байқауы Алматы қаласы Алатау ауданы № 205 жалпы білім беретін мектепте өтті.

 «Алматы Бала FEST» фестивалі аясында "Кітап - білім бұлағы" балалар фестивалінің аудандық байқауы Алматы қаласы Алатау ауданы № 205 жалпы білім беретін мектепте өтті.  

Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту кітап пен оқуды насихаттау мақсатында тартымды, қызықты шығармашылық орта құру. Мектеп оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін мәдени – ағартушылық іс –шаралардың әр – түрлі нысандарын қосу. Балаларға қосымша көркем білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылықта дамытуда балалар көркем мектептерінің рөлін арттыру және шығармашылық үдеріс ретінде кітап пен оқудың жоғары мәртебесіне қоғамның назарын аудару; белсенді оқырманды анықтау болды.

Байқау үш жас санаты бойынша өтті.

-бірінші жас тобы 1-4 сынып оқушылары

-екінші жас тобы 5-8 сынып оқушылары

-үшінші жас тобы 9-11 сынып оқушылары

Бірінші бағыт «Театр өнері арқылы – оқуға» 

Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар көркемдік бағытта туынды таңдап, театрландырылған қойылым дайындады.Театрландырылған қойылымның ұзақтығы 8-10 минут. Команда 10 адамнан құралған жұмыстарын көрсетті.

Екінші бағыт « Кадрда оқу» 

Байқауға 5-8 сынып оқушылары қатысты. Байқауға кез –келген жанрдағы буктрейлер қабылданды: мультфильм, музыкалық клип, жарнамалық роликтер көрсетілді. Түсірілген буктрейлердің сценарийі таңдалған кітаптың мазмұнына сәйкес болуы қадағаланды.

Үшінші бағыт « Поэтикалық баттл» 

Байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар өздері шығарған шығармаларды орындады. Баттл өткізу орнына келгеннен кейін қатысушылар жұптасып жеребе арқылы бөлінді. Әрбір қатысушыға өнер көрсетуге 5 минуттан аспайтын уақыт берілді. Қатысушылар өнер көрсеткен кезде музыкалық сүйемелдеуді, декорацияларды, костюмдерді, орындалатын шығарманың мазмұнына сәйкес келетін атрибуттарды пайдалана алды.

Екінші « Поэтикалық импровизация» кезеңінде қатысушылар кездейсоқ таңдалған 5 сөзді пайдаланып өлең шығарды. Қазылар алқасы қатысушыларды талапқа сай бағалады. 

Көркем әдебиетке жаны құштар оқушыларымыз "Кадрда оқу", "Поэтикалық батл" және "Театр өнері арқылы оқуға" бағыттары бойынша өз білімдерін сынға алды. Сайысымыз қызықты әрі тартымды өтті. Қазылар алқасы  № 26, 41, 82, 91, 150, 151, 152, , 154, 156, 160, 166, 169, 171, 178, 179, 180, 182, 184, 185, 196, 204, 205, 210 жалпы білім беретін мектептерден байқауға қатысқан барлық балалардың жұмыстарын бағалап шықты. Алматы BALAFEST балалар фестиваліне Алматы қаласы, Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Акмурзаева К.М., Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулова қатысты. Үздік өнер көрсеткен оқушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және «Алғыс хатпен» марапатталды. Алдағы уақытта аудан намысын қорғайтын оқушыларға сәттілік тілейміз!

 Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова

https://www.instagram.com/p/Crdqi2StbN5/?igshid=MDJmNzVkMjY=