09
қараша
2023
Ш.Құдайбердіұлыны - 165 жыл "Кел, бірге оқиық, көрейік"
2023 жылдың 8 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының туылғанына165 жыл толуына орай 6 сынып оқушыларына «Кел, бірге оқиық, көрейік» тақырыбында әдеби сабақ 20 минуттық оқу ұйымдастырылды. LED экраннан Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолымен таныстырылды. Оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін оқыды. Соның ішінде «Қасқыр, түлкі, бөдене» өлеңінің ішіндегі жақсы, жаман кейіпкерлерін атап айтып, ойларын ортаға салып, өздерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін, дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы. Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау, ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық», «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.


