Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақ мультфильмінің қарлығашы" Ә.Қайдаров - 100 жыл
06
қараша
2023

"Қазақ мультфильмінің қарлығашы" Ә.Қайдаров - 100 жыл

   2023 жылдың 6 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қазақ мультфильмнің қарлығашы» Ә.Қайдаровтың туылғанына 100 жыл толуына орай  5 сынып оқушыларына LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, Әмен Қайдаровтың өмірбаянымен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдері көрсетіліп, балалар мультфильмдегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы өз ойларын ашық айтып, талқылау жүргізілді. 
Мақсаты: Әмен Қайдаровтың еңбектері арқылы оқушылардың  рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Қазақ анимация өнерінің негізін қалаушы, мультипликатор – Әмен Қайдаров. Режиссер әрі суретші Әмен Әбжанұлы ұлттық мультфильмдердің қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнаған. Қазақ халқы осынау ардақты ұлымен мәңгі мақтанады. 92 жасына дейін отандық анимация өнерінің дамуы мен жандануына өлшеусіз үлес қосты. Мультфильм арқылы адамның тамаша жарқын ойларын іске асыруға болады. Ә. Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – құрылысшы», «Қырық өтірік», «Айна күн», «Құйыршық» т.б. атты мультфильмдері еліміздің ұлттық мәдени рухани қазынасына қосылған қомақты дүниелері бар. 
Еңбекқор Әмен аға қазақ анимациясының болашағы жастар екенін әуелден аңғарып, шәкірт тәрбиелеу ісін жолға салды. Өнер академиясы жанынан Өнер факультетін, кейіннен анимация кафедрасын ашуға бастамашы болып, ұстаздық етті. Бүгінде қазақ киноөнерінде Ә.Қайдаровты ұстаз тұтқан режиссерлер легі жемісті еңбек етіп келеді. Бірақ оның қазақ ұлттық анимациялық студиясын ашу арманы орындалмай бақиға аттанды.