10
қараша
2023
«Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы
2023 жылдың 10 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10 сынып оқушылар арасында буктрейлер ұйымдастырылды. Буктрейлер – кез келген кітап туралы баяндайтын қысқа бейне. Бұл бейнематериал кітап оқуды насихаттайды.
Мақсаты: Келешек ұрпақтың сана сезім, рухани ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру; оқушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу. Кітапты оқуға баулу білім көзі кітапта екенін түсіндіру.
8 сынып оқушылары оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты буктрейлер ұйымдастырды. Оқушылары ерекше белсенділік танытқан 8 «Е» сынып жетекшісі Изтилеуова Гүлмайраға алғыс айтамыз.
Буктрейлерде М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбын, идеялық мазмұнын оқушылар ашып көрсете алған. "Бақытсыз Жамал" романын көрсетуде сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол қалыптастырып, мән-мағынасын жетік жеткізе алған.
