13
қараша
2023
«Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ізгілікке қалам тартқан...жас ғұмыр»
2023 жылдың 13 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ізгілікке қалам тартқан...жас ғұмыр», «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша 7 сынып оқушылары эссе жазды.
Мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, скебеп-салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады.
Оқушылардың өзін – өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту. Бастауыш сыныптан кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырсақ қана кітап оқитын ел бола аламыз. Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді. Ақ ниет, кеңпейілділік, адалдық пен қайырымдылық сияқты ізгі істер бақыт пен дәулетке жеткізеді.
Кітап оқу адамның дүниетанымын кеңейтеді, сыни тұрғыдан ойлауды дамытады, шығарма кейіпкерлерінің бойында бейнеленген мінез-құлық үлгілерін меңгеруге көмектеседі, жалпы алғанда адамды тәрбиелейді. Ал мұның бәрін балалық шақта бойына сіңірту керек. Сол кезде ғана әдебиетке деген сүйіспеншілік адам бойында қалыптасады.
