Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сиқырлы бояу» үйірмесіне оқушылардың қызығушылығы артуда....
06
желтоқсан
2023

«Сиқырлы бояу» үйірмесіне оқушылардың қызығушылығы артуда....

«Сиқырлы бояу» үйірмесі аптасына бір сағаттан сәрсенбі күні өткізіледі. Үйірме жетекшісі: Г.Тауманова Үйірмеге 5-6-сыныптар оқушылары қатысады.Үйірме жұмысы оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейін қалыптастыру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға беріледі.Үйірмеде оқушылар әр заттың сыртқы құрылысын айқындап, бейнелеуге,заттың көлемі мен пішінін дәл беруге және әдіс-тәсілдерін игеруге, дәстүрден тыс суреттер салуға үйренеді.Осы мақсатта жоспарлар құрылып,жұмыс жасалуда. Атап айтсақ, «Акварель бояуының сырын ашу»тақырыбында негізгі түстермен танысу, «Алтын күз»,  «Дақтармен сурет саламыз», «Ағаштар», «Күз сыйы»натюрморты тақырыптары бойынша суреттер салып үйренуде.Сонымен қатар атаулы мерекелерге байланысты да сурет көрмелеріне де жұмыстары қойылуда.