13
желтоқсан
2023
«Егемендігі елдігім-Тәуелсіздік теңдігім»
2023 жылдың 13 желтоқсан күні кітапханада Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Егемендігі елдігім-Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында оқушыларға LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды отанды сүюге тәрбиелеу сонымен бірге Отан алдындағы үлкен міндет елдің Тәуелсіздігін насихаттау, Тауелсіздік Алтын діңгегі - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне ғылыми тұрғыда сипаттама беру. Сол арқылы оқушы бойынан өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға, өз еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілік, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәуелсіздік — біздің ең қасиетті құндылығымыз. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.