"Қауіпсіз жаңа жыл" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
Жаңа жылдық мерекелерге де аз уақыт қалды. Пиротехникалық бұйымдардың барлық түрлері сатылымда пайда болды. Өкінішке орай, кейде мерекеден мүмкіндігінше көп әсер алуға деген ұмтылыс қауіпті жағдайларға апарып соқтырады. Адамдар қауіп туралы ойланбастан пиротехниканы сатып ала бастайды.
Пиротехниканың негізін жанғыш заттар құрайды, бұл құрамдар тез тұтанады және тез жанады. Пиротехника-бұл төмен қуатты жарылғыш заттар, сондықтан сіз ойлағандай ол мүлдем қауіпсіз емес. Бірақ көп жағдайда жазатайым оқиғалар отшашулар мен салюттерді пайдалану қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау нәтижесінде орын алады. Осы орайда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық заттардың қауіптілігін түсіндіру, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында N 205 жалпы білім беретін мектебінің 1-11 сыныптар аралығында сынып сағатында қыстық каникул кезіндегі сырғанаққа шығу, жол қауіпсіздік ережелері,түнде ата-анасыз жүру, жарылғыш заттар қолданылуының қауіпті екендігін түсіндіріп өтті "Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік" және "Қауіпсіз жаңа жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Жаңа жыл мейрамын өткізгенде адамдар тек қуанышын ғана ойлайды, бірақ осындай мейрамдар өрттің шығуына қолайлы деп айтсақ,қате болмас. «Сақтықта- қорлық жоқ» деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Осы мейрам қаншама жас балаларға қуаныш алып келеді! Сол уақытта өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды ұмытпайық?!- деп мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетенова оқушыларды сақтық шараларды алдымен ескеуге шақырды.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Жетенова