Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев туған күніне орай тәрбие сағаттары
Алатау ауданы, №205 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушыларымен, орта буын сынбының оқушылары Мұқағали Мақатаевтың 93 жасқа толуына байланысты «Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны »,«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты тәрбие сағаттары болып өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру, дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.