08
ақпан
2024
«Құқық-әділет пен парасат жолы»
2024 жылдың 8 қаңтар күні кітапханада «Құқық-әділет пен парасат жолы» тақырыбында ұйымдастырылды. LED экраннан бейнероликтер көрсету арқылы оқушылардың құқықтық білімдерін толықтырдық. Сонымен қатар құқықтық заңдарды талдай отырып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту.
Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта, достықта өмір сүреді. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған.