20
қазан
2022
Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстаным!" атты мектепішілік патриоттық акциясы өткізілді














2022 жылдың 20 қазанында №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Республика күніне орай кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мектепішілік патриоттық акция ұйымддастырылды. Мақсаты: Жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, ширек ғасыр толған қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау. Оқушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, патриоттық сезімін ояту арқылы жас таланттарды ынталандырып, өнерлі балаларға қолдау көрсету. Қазақстандық патриотизмді нығайту.
Байқауға 4-6 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
Оқушылар домбырамен күй орындап, «Отан», «Туған елім-Қазақстанным», «Үш бақытым», «Қазақстан кеше, бүгін, ертең» «Мой Казакстан», «»Родина», «Я дочь казахского народа» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Байқауда мәнерлеп оқудан өз қабылеттерін жоғары көрсете білген оқушылар I, II, III – дәрежелі дипломдармен марапатталды.