09.09.2024ж "Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында 3-4сыныптар
09.09.2024ж күні 3 “А”, 3 “Ә”, 3 ”Б”, 3 ”В”, 3 ”З”, 3 ”Ғ” сыныптарында “Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.