Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№1 Оқушылар үйі» МКҚК "АШЫҚ ЕСІК" күні өтті.
11
қыркүйек
2024

«№1 Оқушылар үйі» МКҚК "АШЫҚ ЕСІК" күні өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№1 Оқушылар үйі» МКҚК 2024-2025 оқу жылында білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнату арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын жандандыру, оқушыларды әртүрлі үйірмелерге тарту мақсатында қыркүйектің 11 жұлдызында Алатау ауданы, №205 ЖББМ 8-сынып оқушылары №1 Оқушылар Үйіндегі “Ашық есік күніне” қазақ, орыс сыныптары жиналып барды. Саятқызы Арайлымның жетекшілігімен жасөспірімдеріміз оқушылар үйінде тегін үйірмелермен танысып,талантты мұғалімдермен жүздесіп қайтты. “Вокал”, “Көркем сөйлеу,” “Үрмелі аспаптар”, “Қылқобыз”,”Би”, “Самбо” , “Домбыра”, “Тоқыма”, “Баян” сынды үйірмелер құшағын жая мектебімізді қарсы алып, балаларға қай кезде қандай үйірме болатынын түсіндіре айтты. Оқушылар үйінің мамандары мекемеде өткізілетін түрлі спорттық, музыкалық және қолөнер үйірмелерімен таныстырып, шеберлік сыныптар көрсетті.