Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2022

"ZAMAN" дебаттық клубы

Дебат клубы өз жұмысын бастады.

№ 205 жалпы білім беретін мектепте "Zaman" дебаттық клуб үш тілде жұмысын жүргізі бастады. Дебат - бұл белгілі бір ережелерге сәйкес өткізілетін арнайы пікірталас нысаны, интеллектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.
Дебат клубының міндеттері:
  • сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, жауапкершілікті жас ұрпақты қалыптастыру;
  • Оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақтың бойында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту;
  • шешендік және пікірталас ережелерін үйрету
  • Дауларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін ояту
  • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың жаңа идеяларын анықтау.
"Zaman"  дебат клубы   штаб құрамында 9 адам бар.
 "Zaman"  дебат  клубының алғашқы жиналысы өтті. Жиналысқа 40-ға жуық балалар қатысып, жалпы дебат жайлы ұғым қалыптастырды. Дебат түрлері мен ойын ережелері, қағидаларымен танысты. Балалардың әр қайсысына жеке назар аудара отырып, олардың дебатқа қызығушылықтары мен клубқа келу мақсаттары жайында сөз қозғалды. Дебат жас буындарын бір-біріне жақындастыру мақсатында ашық пікірталас өткізіліп, әлемдегі және Қазақстандағы маңызды тақырыптар талданды. Алдағы уақытта да клуб өз жұмыстарын ары қарай жалғастырып, сабақтар өткізілетін болады.