Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күніне арналған іс-шаралар
21
қазан
2022

Республика күніне арналған іс-шаралар

    № 205 ЖББ мектепте Республика күніне орай өткізілген іс-шара туралы мәлімет. 


Қазан айының 17-21 аралығында мектебімізде Республика күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл іс шаралардың өткізілу мақсаты:1) білімділік: оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, есте сақтау қаблеттерін ұлғайту, ауызекі тілде сөйлеуге машықтандыру; 2) дамытушылық: әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өз ойын түйіндеуге, топпен жұмыс істеуге жұмылдыру, белсенділігін арттыру, сөйлеу тілін дамыту; 3) тәрбиелік: оқушыларды саналы, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, елдің әр мерекесіне мақтанышпен қарауға баулу.



Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. "25 қазан - Республика күні ұлттық мереке болып бекітіледі. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де, осы күннен басталады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз",

25 қаз

Қазанның 17-жұлдызында кітапхана меңгерушісі Ысқакова Ж.  бастауымен Республика күніне арналған суреттер көрмесі өтті.

18-қазан күні 1-10 сыныптар аралығында «Менің Қазақстаным» және «Люблю тебя, мой Казахстан!» атты тақырыптарына сынып сағаты өтті. Және де 5-6 сынып оқушылар арасында «Атамекен» тақырыбында диктант жазудан жарыс өтті.

19-қазан күні 7-10 сыныптар аралығында  «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе жазудан жарыс өтті.

20-қазан күні 5-10 сынып жетекшілерінен құралған Республика күніне арналған «Жасай бер -Қазақстан!» атты  флешмоб өтті. Және мектеп кітапханасында  4,5,6 сынып оқушылар арасында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқудан жарыс өтті.                           









Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – қазақ тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы деп білем. Осыған орай мектебіміздің акт залында  Қазанның 22 күні Республика күніне арналған «Менің Республикам Қазақстан» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік имні орындалуымен басталды. Мерекелік іс-шараны 9,7,6,4,2-сынып оқушылары өздерінің өнерлерімен жалғастырды. Концерттік бағдарламамыз жоғарғы деңгейде өтті. Кеш соңында ұстаздар мен оқушылардан құралған хорда  Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Атамекен»  атты әні шырқалды.