Лего үйірмесі




Қазіргі таңда №205 жалпы білім беретін мектепте лего үйірмесіне 1-5 сыныптар арасынан жиырма оқушы қатысады. Үшінші тоқсан бойынша лего үйірмесі тақырыптық жоспар бойынша өтуде, аптасына бір күнді қамтылған аптаның бейсенбі күндері с корпус 106 кабинетте өтеді.
Мақсаты: Робото техника үйрету қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.
Міндеттері:
Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;
Күтілетін нәтиже:
Робот техникасы бағдарламасын меңгерген және оны кәсіби мамандығында пайдалана алатын тұлға
Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:
Оқушы нені білуі керек:
- Робот ұғымын сипаттай және талдай білу;
- Mindstormбағдарламасының интерфейсін сипаттай білу;
- Робот құрастырып үйренеді;
- Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасауды;
- Шығармашылықпен жұмыс жасай білу;
Оқушы нені үйрену керек:
1-Робот құрастырып үйренеді;
2- Бағдарламалардың командыларымен жұмыс жасауды;
3- Шығармашылықпен жұмыс жасай білу;
Бүгінгі технологиялар дамыған заманында адамның ақпараттық сауаттылығы туралы түсінігі күн сайын өзгеріп келеді. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы тек оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әрбір сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет. Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам басып кіріп келеді, өйткені қазір барлық салаларда роботтың көмегіне сүйеніп түрлі-түрлі жұмыстар атқарылады. Осындай уақыт талабынан туындап отырған көптеген игі іс-шара мектебімізде оқу-тәрбие үдерісіне үйірме жұмыстары енгізілуде.