Ұстаздарымыз марапатталуда...
Алматы қаласы, Алатау ауданы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8, 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде “сарапшы” қызметін атқарып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін мектебіміздің білікті ұстаздары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылқайдар Гүлжанат Жарылқасымқызы және ағылшын пән мұғалімі, сондай-ақ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жетенова Жанна Тлеубаевна марапатталды. Толағай жеңістеріміз көп болсын!