06
ақпан
2023
"Шабыт қанатында" атты Республикалық конкурсынан бас жүлде
"Жеті Өнер"Халықаралық шығармашылық фестивалі "Шабыт қанатында" атты Республикалық конкурсына еліміздің әр облыс, ауданынан өнерпаз, күміс көмей балалар келіп бақ сынасты. Айрықша өнер көрсеткен №205 жалпы білім беретін мектебіміздің музыка пәні мұғалімі - Баймахан Шұға Сапарбекқызының жетелеуімен 6 сынып оқушысы - Ержанқызы Ақнұр 35 вокалист ішінен оқ бойы озып шығып, Бас Жүлдені қанжығасына байлады. Алтын жүлде алған талантты қызымыз алдағы өтетін "Жеті Өнер Art Фестиваліне" Жолдаманы иеленіп, ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сый сиапат берілді. Өскелең ұрпағымызды өнерге баулығаны үшін №205 ЖББМ директоры Даулетова Гүльнара Арыстанқызына "Үздік Көшбасшы Педагог" төсбелгісі мен Алғыс Хат жолданды! Дүбірлі доданың жоғары дәрежеде өтуіне айрықша үлес қосқаны үшін директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары – Жетенова Жанна Тлеубайқызы Алғыс хат және "Үздік Педагог"төсбелгімен марапатталды! "Бұлақ көрсең көзін аш",-деген ұстанымды алға қойып,талантты өнерпазымызға қолдау көрсетіп,ерен еңбегімен көзге түскен Баймахан Шұға Сапарбекқызы "Үздік Педагог" дипломы және "Үздік Көшбасшы Педагог" төсбелгісімен марапатталды! Оқушыларымыздың жетістігі ата аналар мен мектеп ұжымы үшін мәртебе болып саналатыны сөзсіз!



