"Бастауыш сынып оқушыларының Таңғы жаттығуы"
Бастауыш сынып оқушылары сабақ басталар алдында күн сайын қысқаша сергіту және дене жаттығуларын орындайды. Жаттығулардың мақсаты – оқушылардың бойын сергіту, қан айналымын жақсарту, сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру. Жаттығулар түріне жалпы дамыту қимылдары, тыныс алу жаттығулары, көзге арналған жаттығулар және көңіл күйді көтеретін қимылды ойындар кіреді.Оқушылар бұл жаттығуларды дене шынықтыру ұстаздарының басшылығымен сынып бөлмесінде немесе таза ауада орындайды.