Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 06.10.2025
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауы
06
қазан
2025
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" байқауы
Оқушыларымыз «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Байқауға Амандықұлы Бексұлтан 7 «Б» сынып оқушысы қатысып, өз жобасын сәтті қорғап шықты. Жоба инновациялық бағытта ойластырылып, қазылар алқасынан жоғары баға алды. Бұл жетістік – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылығының айғағы. Жетекшілік еткен Кожанова Жанар Ауелбекқызының еңбегін
Қазіргі заман – цифрлы сауаттылық заманы!
06
қазан
2025
Қазіргі заман – цифрлы сауаттылық заманы!
*Қазіргі заман – цифрлы сауаттылық заманы!*   Сабақта жасанды интеллект пен түрлі цифрлық қосымшаларды қолдану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы.   Интерактивті әдістер мен заманауи технологиялар оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенді қатысуына жағдай жасайды.   Біздің мақсат – цифрлы құралдарды дұрыс пайдалана отырып, оқу үдерісін оңтайландыру және оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту.
“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстары
06
қазан
2025
“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда
“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жол ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамның түстері мен маңызы туралы толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, күнделікті мектепке келу және қайту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері айтылып, түрлі жағдаяттар бойынша мысалдар келтірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің көше қиылысында немесе жол бойында кездесетін жағдайлармен бөлісті. Тақырыпты
“Ертегілер еліне саяхат”
06
қазан
2025
“Ертегілер еліне саяхат”
“Ертегілер еліне саяхат” – балаларды халық ауыз әдебиетінің ең қызықты әрі тәрбиелік маңызы зор түрі – ертегілер арқылы қиял мен сұлулық әлеміне жетелейтін танымдық-тағылымдық тақырып. Бұл саяхат барысында оқушылар ертегілер мазмұнын түсініп, кейіпкерлердің іс-әрекетін саралау арқылы жақсылық пен жамандықты, адалдық пен әділдікті ажыратуға үйренеді. Мақсаты:     •    Балалардың халық ертегілеріне деген қызығушылығын арттыру;    •    Ертегілер арқылы ізгілікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа,
"Таза Қазақстан" экологиялық фистивалінің аясында 205 ЖББМ бастауыш сынып ата-аналарының сенбілік жұмыстары.
06
қазан
2025
"Таза Қазақстан" экологиялық фистивалінің аясында 205 ЖББМ бастауыш
"Таза Қазақстан" экологиялық фистивалінің аясында мектебімізде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сынып ата- аналары да сенбілікке өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында бастауыш сынып ата-аналары сынып жетекшілерімен бірге белгіленген аумақтарда жұмыс істеп, көмектерін тигізді. Әр сынып өзіне бекітілген аймақты тазалап, ретке келтірді. Сондай-ақ сенбілік - мектептің эстетикалық келбетіне оң әсер етіп қана қоймай, оқушылар арасында тазалық сақтау дағдысын қалыптастыруға көмектесті.
Алматы қаласы білім басқармасынан бөлінген қаражат есебінен жабдықталған STEM лабораториясы — D-109
06
қазан
2025
Алматы қаласы білім басқармасынан бөлінген қаражат есебінен
Алматы қаласы білім басқармасынан бөлінген қаражат есебінен жабдықталған STEM лабораториясы — D-109
CLIL (Content and Language Integrated Learning)
06
қазан
2025
CLIL (Content and Language Integrated Learning)
CLIL тәсілі арқылы жаратылыстану пәндеріне  кіріктіре оқытудың педагогикалық тиімділігін зерттеп, қатысушыларға осы тәсілдің оқу процесінде қолданылуын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсыну. Күтілетін нәтиже: Қатысушылардың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы өз салаларында тиімді жұмыс істеуге және тәлімгерлік пен тәжірибе алмасу әдістерін пайдалану арқылы кәсіби өсуге қол жеткізу. Семинар қонақтары: “Өрлеу” БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары: Ыбышева Алмагүл
MBTI тесті арқылы оқушылардың психологиялық қабілетін анықтау
06
қазан
2025
MBTI тесті арқылы оқушылардың психологиялық қабілетін анықтау
6.10 күні мектебімізде 8-11 сынып аралығындағы оқушылардан MBTI тесті алынды. MBTI  тестінің алыну мақсаты - оқушылардың психологиялық қабілетін анықтау және сол анықталған қабілет арқылы сәйкес келетін мамандықтар тізімін ұсыну. Ұсынылған мамандықтар тізімімен оқушылардың психологиялық қабілет нәтижесі арқылы ата-аналармен кеңес өткізу жұмыстарын жүргізіледі.
Ертегілер еліне саяхат
06
қазан
2025
Ертегілер еліне саяхат
     2025 жылдың 6 қазан күні  кітапханада  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында   «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында 2 сынып оқушылар арасында ертегілер оқу сайысы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар кітапхана және бастауыш сынып жетекшісі  Досмуратова Гулжазира . Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, көркем сөйлеуге үйрету, балалардың дауыс интонациясын қадағалау, ертегіні сахналау, сұрақтарға толық жауап беруді, ертегіні есте сақтауға, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелеу.