ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…
2025 жылдың 17 қазан күні кітапханада Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты тақырыбында 6 сынып оқушылар арасында көркем сөз сайысы ұйымддастырылды. Мақсаты: Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлы Абайдың рухани, мәдени мұраларын дәріптеп келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру және таланттарды анықтау.