Тапқыр достар
2025 жылдың 4 қараша күні кітапханада «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 3 «Ә» сынып оқушыларымен «Тапқыр достар» атты танымдық ойын өткізді. Іс-шараға барлық оқушылар белсенді қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдық қасиеттерін көрсетті. Ойынның мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту болды.