Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 25.11.2025
"Көңілді үзіліс"
25
қараша
2025
"Көңілді үзіліс"
2025 жылдың 25 қараша күні 2 «В» сыныбында «Көңілді үзіліс» шарасы өткізілді. Шара барысында оқушылар сергіту жаттығуларын орындап, қызықты қимылды тапсырмалар мен ойындарға қатысты. Оқушылар үстел үстіндегі кедергілер арқылы допты үрлеп жеткізу, шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін шағын жарыстарды орындау сияқты әрекеттерге белсенді қатысты. «Көңілді үзіліс» оқушылардың көңіл күйін көтеріп, қозғалыс белсенділігін арттыруға, сынып ішіндегі достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Сынып
Оқулығыңның жайы қалай?
25
қараша
2025
Оқулығыңның жайы қалай?
      2025 жылдың  24-25 қараша күні аралығында  мектеп кітапханасының 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық  жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар бойынша «Оқулығыңның жайы қалай?» тақырыпта рейд жүргізілді.          Мақсаты:  Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.