Теннис орталығы
Бүгін мектебіміздің 1 - 2 бастауыш сынып оқушылары «Қазақстан теннис Федерациясы» Алатау теннис орталығына танымдық саяхат жасады.😊🎾 Балалар орталыққа кірген сәттен бастап-ақ үлкен спорт әлемінің ерекше атмосферасын сезінді. Жаттықтырушылар оларды жылы қарсы алып, теннис спортының тарихы, ережелері және қолданылатын жабдықтар туралы қызықты мәліметтер берді. 🎾🏸 Балалар арнайы ұйымдастырылған жаттығу алаңында ракетка ұстауды, допты дұрыс қарсы алуды, дәл бағыттап соғуды үйренді. Әр оқушы