09
желтоқсан
2025
Теннис орталығы


Бүгін мектебіміздің 1 - 2 бастауыш сынып оқушылары «Қазақстан теннис Федерациясы» Алатау теннис орталығына танымдық саяхат жасады.😊🎾
Балалар орталыққа кірген сәттен бастап-ақ үлкен спорт әлемінің ерекше атмосферасын сезінді. Жаттықтырушылар оларды жылы қарсы алып, теннис спортының тарихы, ережелері және қолданылатын жабдықтар туралы қызықты мәліметтер берді. 🎾🏸
Балалар арнайы ұйымдастырылған жаттығу алаңында ракетка ұстауды, допты дұрыс қарсы алуды, дәл бағыттап соғуды үйренді. Әр оқушы өз күшін сынап, белсенді түрде қатысты. Бұл саяхат олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, белсенді өмір салтының маңызын түсінуге ықпал етті.
Сапар соңында барлық оқушы ерекше көңіл-күймен, шабытпен оралды. Бұл күн олардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.🤩👍🏻