Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
желтоқсан
2025

Балалар кітапханасы

       2025 жылдың 9 желтоқсан күні  кітапханада «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кеңес одағының батыры» Бауыржан Момышұлының  туғанына  115 жыл  толуына орай Қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» шығармасы бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баянова Фариза Есқайыпқызы 8 сынып  оқушылар арасында буктрейлер ұйымдастырды.

       Мақсаты: Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабын оқушыларға таныстырып, шығарманың адамгершілік құндылықтарға, мейірімге, отбасы жылуына толы әлемін көрсету.     

       Буктрейлер арқылы оқушыларда кітапқа деген қызығушылықты арттыру, жазушының балалық шақ естеліктері арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет, қиындықты жеңе білу, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттердің маңызын сезіндіру.    

        Оқушыларға ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді дәріптейтін шығарманың құндылығын ашып, кітапты толық оқуға ынталандыру.