06
қараша
2025
«2, 3 сандарын қосу және азайту»
▪️Бүгін 1 «Ә» сыныбы математика сабағынан «2, 3 сандарын қосу және азайту» тақырыбында сабақ өтті.🔹Сабақтың мақсаты:
– Біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;
– Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.
🔹Сабақтың барысы:
Сабақ барысында оқушыларға көрнекілік құралдары мен сандық материалдар ұсынылды. Оқушылар жұптық және топтық жұмыстар арқылы қосу мен азайту амалдарын орындады.
«Ойлан, тап!», «Кім жылдам?» сияқты ойын түрлері қолданылып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артты. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қосудың ауыстырымдылық қасиетіне назар аударылып, нақты мысалдар арқылы бекітілді.
🔹Нәтижесі:
Оқушылар 2 және 3 сандарын қосу және азайту амалдарын дұрыс орындауды меңгерді. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін есеп шығару барысында қолдана алды. Барлық оқушы сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді.
🔹Қорытынды:
Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылардың танымдық белсенділігі жоғары болды, тапсырмаларды өз бетінше және топпен орындай алды. Кері байланыс кезеңінде оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдірді.😊