Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» “Балалар кітапханасы жобасы” аясында “Ертегілер әлеміне саяхат” атты сайыс өтті.
20
ақпан
2026

“Балалар кітапханасы жобасы” аясында “Ертегілер әлеміне саяхат” атты сайыс өтті.


 

 

 

 

🗓️Бүгін 20.02. күні мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы жобасы” аясында “Ертегілер әлеміне саяхат” атты сайыс өтті.

📌Сайыстың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

📌Сайыстың міндеттері:
– балаларды ертегі кейіпкерлерімен тереңірек таныстыру;
– көркем шығарманы түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
– сахналық қойылым арқылы актерлік шеберліктерін дамыту;
– оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру;
– ұйымшылдыққа, тапқырлыққа және белсенділікке баулу.

📌Сайыс барысында оқушылар ертегілерден үзінділер қойып, кейіпкерлердің бейнесін сомдады, жұмбақтар шешіп, сұрақ-жауап кезеңінде өз білімдерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен шығармашылық қабілеттерін дәлелдеді.
Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.