Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітаптар» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды
19
қаңтар
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітаптар» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды

whatsapp-video-2023-01-19-at-09_30_56.mp4 [8,09 Mb] (cкачиваний: 6)
whatsapp-video-2023-01-19-at-09_30_57.mp4 [14,65 Mb] (cкачиваний: 6)
whatsapp-video-2023-01-19-at-09_30_58.mp4 [12,25 Mb] (cкачиваний: 2)
whatsapp-video-2023-01-19-at-09_30_59.mp4 [19,34 Mb] (cкачиваний: 2)
whatsapp-video-2023-01-19-at-09_30_59-1.mp4 [31,19 Mb] (cкачиваний: 3)

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы  22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау, және «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытында  №205 ЖББМ кітапханасында түрлі іс-шаралар   өткізілуде. 2023 жылдың 17-18  қаңтар күні аралығында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітаптар» атты тақырыпта  ұйымдастырылған  іс-шараның  мақсаты  оқушылар мен ата-аналармен  байланыс жасай отырып, өздерінің  оқыған кітаптарын  насихаттау арқылы, балалар мен жастардың  кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушылар мен ата-аналар үйіндегі шағын кітапханаға шолу жасап,  өздерінің оқыған әдеби кітаптары жайлы және кітап оқудың пайдасын әңгімелеп берді. Жақсы кітап оқу арқылы адамның көкрегі кеңиеді, ойды дамытады, есте сақтау қабілетін арттырады, сөздік қор көбейе түседі.  Осы орайда «Менің үйімдегі кітаптар» тақырыбында  ерекше видиороликтер мен презентация дайындаған 3б,, 4ә, 4б, 6а, 6ә, 6в,  7г, 8ә, 8б, 9а, 9ә-сынып жетекшілерге алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау жұмыстары барысында жоғарғы деңгейде  көріне беріңіздер демекпіз.
Адамның рухани азығы кітаптың өркениеттің алғашқы сатысы болып қала беретіндігіне дау жоқ. Әрі оның баға жетпес құндылығын барлығымыз мойындаймыз. Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта көзі ашық, көкірегі ояу, адам болып қалыптасады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы  өз білімін өзі көтеріп,  кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерген.