Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қазан
2023

Ұстазым – ұлағатым

whatsapp-video-2023-10-03-at-21_50_38.mp4 [7,3 Mb] (cкачиваний: 3)
flhk0237.mp4 [6,7 Mb] (cкачиваний: 3)
ngtl6151.mp4 [20,01 Mb] (cкачиваний: 3)
flhk0237.mp4 [6,7 Mb] (cкачиваний: 3)

№205 ЖББМ Ұстаздар сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!                      
2023 жылдың 02-05 қазан күні аралығында Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстазым - ұлағатым»  атты құттықтау челлендж жалғасуда. Челленджге 5-11 сынып аралығындағы оқушылар    қатысып, мұғалімдерге өздерінің тілектерін білдіріп, өлеңдер мен ән арнаулар айтып, ұстазға деген құрметтерін көрсетуде.
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. 
Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.
Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.