10
қаңтар
2024
«Мен оқыған ертегі»
2024 жылдың 10 қаңтар күні кітапханада «Мен оқыған ертегі» тақырыбында үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқуды бастауыш сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру. Оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру.
Қазақ ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі - ертегілер болып табылады. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы бастап кешкендері суреттеледі.
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Ертегіден халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, бақыты туралы ойларын көруге болады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады.


