Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «45-Minute Lesson Upgrade: Effective Teaching Tools to Develop 21st Century Skills in Students on Every Lesson»
16
қаңтар
2024

«45-Minute Lesson Upgrade: Effective Teaching Tools to Develop 21st Century Skills in Students on Every Lesson»

2024 жылдың 16 қаңтар күні № 205 ЖББ мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жетенова Жанна Тілеубайқызы АПГРЕЙД-45 минут:әр сабақта оқушылардың ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалай дамыту керек?  тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Мақсаты: Оқушылар сабақ барысында жұптық немесе топтық жұмыс жасаса, олардың коммуникативтік және метатанымдық дағдыларын дамыту. Сыни ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту, өзіндік ой-пікірді талдай білу, қателіктерді түзету, құрбы-құрдастарымен бірлесіп жұмыс істей алу. Нәтижесінде, оқушының еркін сөйлеу, шапшаң ойлау, шығармашылық білім, білік, дағдылары дамиды. Аталған семинарға 20-ға жуық мектеп ұстаздары мен жас мамандар қатысты. Халықаралық бағдарламалардың координаторы, тренер MentorEd International PTE LTD директоры Лилии Мухаметшинаның (Liliia Mukhametshina) «Апгрейд 45 минут или как развивать навыки и компетенции XXI века в каждом ученике на каждом уроке» атты оқыту семинарынан алған теориялық білімі мен тәжрибиесін әріптестеріне бөлісу мақсатында ағылшын тілі апталығының жоспарына сәйкес әдістемелік көмек ретінде сабақ барысында оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін қалай жүзеге асыратындығы туралы жұмыстар жасалынды. Халықаралық стандарттар аясында ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттерін дамытуға бағытталған бағдарламаларын ұсыну мақсатында өткізілген бұндай семинардың маңызы зор. Білім беру жүйесі кенжелеп қалу еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлтымыздың болашағына кері әсер етері хақ. Білім саласыдамыған елдердің Финляндия, Сингапур, Жапония білім беру тәжірибелерін еліміздегі білім жағдайына бейімдеп, енгізудің маңызы зор болатыны сөзсіз. Себебі бұл елдердің білім беру жүйелерінің озық тәжірибелерін еліміздің білім беру жүйесіне кіріктіру арқылы өзгеріс енгізуге болады. Семинар-тренинг барысында ширату жаттығулары, ой қозғаулар, топтық тапсырмаларды орындау, топтық талқылаулар, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тапсырмалары, сабақта қолданылатын пәндік әдіс-тәсілдерді жүргізіп, тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар, Мак трансформациялық картасымен мектеп психологы Аукенова А. Е. "Түс көру" және "" Кейіпкер жолы" тақырыбында ұжыммен топтық ойын-жаттығу ұйымдастырды. Мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту, шығармашылыққа баулу, қатысушыларға жағымды әсер қалдыру.    Соңында барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін сертификат берілді. https://www.instagram.com/p/C2KgGmBIl80/?utm_source=ig_web_copy_link