15
қаңтар
2024
Дінмұхамед Қонаев - 112 жыл «Халқы ұлықтаған дара тұлға»
2024 жылдың 15 қаңтар күні кітапханада Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай «Халқы ұлықтаған дара тұлға» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына LED экраннан танымдық сабақтар мен бейнероликтер көрсету барысында халқына сыйлы, заманының дара туған перзенті Д.Қонаевтың өмір жолымен таныстырылды.
Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет және өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Д. А. Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Алматы қаласындағы қазақ жұртының зиялы қауым өкілдері тұратын Мұқан Төлебаев көшесінің бойына орналасқан Д. А. Қонаев атындағы мұражай-үйі 2002 жылдың 12 қаңтарында ашылды.