Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бердібек Соқпақбаев - 100 жыл «Балалық шаққа саяхат»
16
қаңтар
2024

Бердібек Соқпақбаев - 100 жыл «Балалық шаққа саяхат»

2024 жылдың 16 қаңтар күні кітапханада  Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында   7 «Е» сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы өткізілді. Сонымен қатар LED экраннан Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы мен  шығармашылығы таныстырылды. 
Мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, шығармашылық белсенділікті шыңдау, өздігінен білім алуға баулу. Оқушыларға «Балалық шаққа саяхат» еңбегіндегі мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. 
Бердібек Соқпақбаев – қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады. Бердібек Соқпақбаев – өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы "Балалық шаққа саяхат" повесінде балғын балалығының қиындыққа толы болғанын жеткізген. 
1960 жылы кітап болып басылып шыққан "Балалық шаққа саяхат" туындысы бойынша 1965 жылы фильм түсірілді. Бердібек Соқпақбаевтың әрбір шығармасы боямасыз, шынайы суреттелген.