17
қаңтар
2024
"Бес күн - бес іс - шара" жобасы «Ұлттық киім – ұлттың көркі» тақырыбы аясында мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қазақтың ұлттық киімдерін кийді.
"Бес күн - бес іс - шара" жобасы аясында, «Ұлттық киім – ұлттың көркі» тақырыбы аясында мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қазақтың ұлттық киімдерімен жүргізілген іс-шара. Мақсаты: Ұлттық киімдерімізді дәріптей отырып, оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу. Ұлттық киім кию еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды. Ұлттық киім үлгісімен ұлттық болмысымыздан алыстамауға үлесін қосқан мектебіміздің ата- аналарына алғыс білдіреміз


