19
қаңтар
2024
"Бопсалаудан қалай қорғануға болады?" тәрбие сағаты
№ 205 жалпы білім беретін мектепте 16.01.2024 жылы 5-8 сынып оқушыларына "Бопсалаудан қалай қорғануға болады?" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларды мектеп қабырғасында бопсалаудың алдын алуға үйрету. Сенім бұрышы туралы мәлімет беру. Бопсалаушылық— қылмыстық әрекет. Зорлық көрсету, мүлікті жойып жіберу не бүлдіріп тастау, сондай-ақ жәбірленушіні, оның туыстарын масқаралайтын,олардың мүдделеріне елеулі нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату, жариялау қаупін төндіре отырып, бөгде біреудің мүлкін немесе мүлікті иелену құқын беруін, сондай-ақ, мүліктік сипаттағы басқалай іс-әрекеттер жасауын талап етеді.Мектебіміздің 7 сынып оқушылар арасында “Бопсалаудан қалай қорғануға болады” тақырыбында баяндама өткізілді.





