Республикалық «Қазақ есебі» челленджі өтті
Біртұтас тәрбие бағдарламасының тоғыз ай 9 іс- шара тұжырымдамасы бойынша 26 қаңтар сағат 12:00 де № 205 жалпы білім беретін мектепте Республикалық «Қазақесебі» челленджі өткізілд. «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады. Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету. Міндеттері: Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту; Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту; Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету. Аталған челленджге мектеп ұстаздары мен оқушылар белсене ат салысты. Оқушыларға арнайы дайындалған бейне презентациялар арқылы мақсат, міндеттері таныстырылып есептер берілді. «Қазақ есебі» челленджі бір уақытта А.Жұмаділдаевтің ұсынған есептерін шығаруды қамтылды.

