Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ертегілер еліне саяхат»
05
ақпан
2024

«Ертегілер еліне саяхат»

2024 жылдың 5 қаңтар күні кітапханада «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқу  ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ертегі желісі бойынша оқушылардың білімдерін пысықтап, ой өрістерін, білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, қабылдау. есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан–ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.