13
ақпан
2024
Ораз Қиқымұлы Жандосовтың туғанына 125 жыл
2024 жылдың 13 ақпан күні кітапханада Қоғам және мемлекет қайраткері, ҚазКСР халық ағарту комиссары Ораз Қиқымұлы Жандосовтың туғанына 125 жыл толуына орай оқушылармен танымдық сағаттар өткізілді.
LED экраннан Ораз Жандосов Қиқымұлының өмірбаяны, қызметі жайында бейнематериалдар көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ораз Жандосов Қиқымұлының өмірбаяны, қызметі жайында толық мағлұмат бере отырып, олардың білімге деген құштарлығын ояту және сахналық шеберлігін шыңдау. Қоғам қайраткерін үлгі тұтатын, Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихына терең із қалдырған көрнекті тарихи тұлғалардың бірі – Ораз Қиқымұлы Жандосов. Оның күрделі әрі тағылымды ғұмырымен танысып, оқып білу – ұлтымыздың өткен жолын өз-өзімізді жете тануымызға көмектеседі. Ол заман ықпалы мен коммунистік идеялогияны таңдаған, тіпті қиын-қыстау заманның өзінде ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды шынайы көздеген. Ораз Жандосов Қиқымұлы – жалынды ер, «ұлтым» деп өткен қайраткер. Ауыл мәдениетін көтеруге, қазақ ауылдарыңда «Қосшы» ұйымын құрып, шаруашылықтарын жолға қоюға көмектеседі. Қай қызметте жүрсе де, арға деген адалдығын, ұлтқа деген ұлтжандылығын алдыңғы орынға қойған. Өмірінің соңғы жылдарында Кеген аудандық партия комитетінің хатшысы, Алматы облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқара жүріп, өз халқына жан-тәнімен қызмет істейтін тарихи тұлға екенін дәлелдеді.
